Қазақстанның энергетикалық секторы: 2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы
Жүйелік оператор бекіткен электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 2024 жылға 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған және жүргізілуде.
Ағымдағы жылы реконструктивтік жұмыстар шеңберінде ЖЭО бойынша орташа тозуды 65%-дан 61%-ға дейін төмендету күтілуде. Атап айтқанда Риддер ЖЭО бойынша тозу 58%-дан 54%-ға дейін, Кентау қаласының ЖЭО 85%-дан 65%-ға дейін, ал Екібастұз ЖЭО 42%-дан 35%-ға дейін төмендейді.
АЭК электр желілерінде 2024 жылы жалпы ұзындығы 20,8 мың км электр беру желілерін, 423 қосалқы станцияны, 4 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.
20,7 мың км электр беру желілері мен 383 қосалқы станция және 4 054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді.
Жылумен жабдықтау желілерінде ағымдағы жылға жоспарланған 541,6 км жөндеу және реконструкциялау толық көлемде орындалды.
Энергия көздерінің қоймаларында көмір қоры 5,6 млн. тонна көмірді құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 3% ға артық және 95,6 мың тонна мазут. Барлық электр станцияларында көмір мен мазуттың нормативтік қоры бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -