Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) 228 микроқаржы ұйымы, 215 кредиттік серіктестік және 518 ломбард құрайды.
МҚҚЖҰ-ның активтері ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 1,7%-ға немесе 45 млрд теңге ұлғайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2,6 трлн теңге болды. Активтердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің өсуі себеп болды.
МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына - 1 449 млрд теңге немесе 54,9%, кредиттік серіктестіктерге - 867 млрд теңге немесе 32,8%, ломбардтарға - 323 млрд теңге немесе 12,3% тиесілі.
МҚҚЖҰ-ның несие портфелі ағымдағы жылғы 1-тоқсанда негізінен бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер есебінен 2,6%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер 2024 жылғы 1-тоқсанда 3,1%-ға 1,4 трлн теңгеге дейін, оның ішінде заңды тұлғаларға берілгені - 1,2%-ға 766 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғаларға, оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттарға дара кәсіпкерлерге берілгені – 5,9%-ға 625 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Халыққа тұтынушылық мақсаттарға [1]
МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыздардың деңгейі 2024 жылғы 1 сәуірде 4,2%-ды құрады (01.01.2024ж. – 3,9%). Халыққа берілген микрокредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 7,0%-ды (01.01.2024ж. – 6,4%), бизнеске берілген микрокредиттер бойынша - 1,6% (01.01.2024ж. – 1,5%) құрады.
2024 жылғы 1-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері тартылған қарыздар есебінен 1,0%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін өсті. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 76,1%-ын немесе 1,3 трлн теңгені құрайды.
МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ұлғаюы және ағымдағы кезеңнің бөлінбеген пайдасы есебінен тоқсан ішінде 3,3%,-ға ұлғайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 879 млрд теңгені құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
[1]
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -