Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Әзірбайжанның Бас прокуратурасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Асхат Жұмағали Әзербайжанның Бас прокуроры Камран Әлиевпен кездесті.
Кездесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар бірлескен тергеу және жедел ақпарат алмасу, трансұлттық жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және туындайтын қауіп-қатерлерге ден қою тетіктерін құру қажеттігі туралы уағдаласты.
Жемқорлыққа қарсы қызметте цифрландыру және заманауи технологияларды пайдалану, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мониторингі мәселелеріне көңіл бөлінді.
Қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру мақсатында тараптар жемқорлыққа қарсы органдардың қызметкерлері үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу мүмкіндігіне қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, ЭЫДҰ мен ГРЕКО сияқты халықаралық ұйымдардың жұмысына белсенді қатысудың, жемқорлыққа қарсы күресте озық тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтті.
Іс-шараның нәтижелері бойынша жемқорлықтың себептері мен салдарын талдауды неғұрлым тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғылыми деректер мен талдамалық материалдармен алмасу практикасын бастау ұсынылды.
Ұсынылған тәсілдерді үйлестіру мақсатында жобалар мен бастамаларды әзірлеумен және іске асыруды мониторингілеумен айналысатын бірлескен жұмыс тобын құруға бастамашылық жасалды.
Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің құқық қорғау органдары арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -