Азаматтық қорғау органдарының (ТЖМ) қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді
Азаматтық қорғау органдарының (ТЖМ) қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Төтенше жағдайлар вице-министрі Б.М. Сыздықов Министрліктің 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс нәтижелері және ағымдағы жылға арналған міндеттер туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы және 2024 жылға арналған қаржыландыру көлемі туралы есеп қаралды.
Қоғамдық кеңес азаматтық қорғау саласында геоақпараттық жүйелерді дамытуды, ақпараттандыруды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетілдіруді жалғастыру жөнінде ұсынымдар берді.
Бірауыздан қабылданған шешіммен азаматтық қорғау органдарының (ТЖМ) қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің Ережесіне «Қоғамдық кеңес мүшелерінің мінез-құлық этикалық нормалары» атты жаңа бөлім енгізілді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын құжаттың ережесі мен үлгісі бекітілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -