Азаматтық қорғау қызметтерімен өткен кеңес
ШҚО ТЖ департаментінде «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық аясында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Кеген Тұрсынбаевтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерімен, сондай-ақ Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықты қорғау қызметімен кеңес өтті.
Алға қойылған негізгі міндеттердің бірі - жер сілкінісі қаупі мен туындауы кезінде әрекет етуге қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру.
Кеген Тұрсынбаев оқу-жаттығу өткізу барысында барлық қызметтер мен ведомстволардың, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлар кезінде халыққа жан-жақты жедел және көмек көрсетуде үйлесімділігі мен өзара іс-қимылына қол жеткізу маңызды екенін атап өтті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -