«Азия балалары»: елордалық спортшы атудан «Алтын» алды
Астаналық спортшы Ангелина Сорокина VIII Халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарында атыс бойынша Алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
25 маусым мен 7 шілде аралығында Якутскіде «Азия балалары» VIII халықаралық спорттық ойындары өтіп жатыр. Жарысқа атқыштар спорт түрлері бойынша Қазақстан құрамасының атынан қатысатын 8 спортшы қатысады. Кезекті жарыс күні астаналық спортшы Ангелина Сорокина керемет өнер көрсетіп, чемпион атанды. «Скит» жаттығуында ол қыздар арасында алтын медаль жеңіп алды.
Ангелина – Астана қаласының № 9 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Айта кетейік, сегізінші халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарында 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы ойналады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -