Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығы Бангкок декларациясын қабылдады: Астана қаласы, 20 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығы Бангкок декларациясын қабылдады

Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығының VI Конгресінің қорытынды құжаты – Бангкок декларациясы конституциялық бақылау органдарының конституциялық сот төрелігіне адалдығын, әділ және тең құқықты бейбітшілікке ортақ көзқарасы бар тұрақты қоғамдар құруға ұмтылысын көрсетеді.

Әрбір ел тұрақты дамуды өзінің конституциялық негіздерінде оның бірегей құқықтық дәстүрлерін, әлеуметтік контекстін және даму басымдықтарын біріктіруге ықпал етеді.

➤ Бангкок декларациясы конституциялық негіздерді заманауи сын-қатерлерге бейімдеу, климаттың өзгеруі, ресурстарды басқару және әлеуметтік теңдік сияқты жаһандық мәселелерді шешуде, сондай-ақ тұрақты, инклюзивті және әділ дамуды қамтамасыз етуде өзара құрмет пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Мүше-мемлекеттер Конституцияның үстемдігін, биліктің бөлінуін, негізгі құқықтарды қорғауды және Азия елдеріндегі әділеттіліктің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі ретінде тәуелсіз сот жүйесінің қажеттілігін тағы да растады.

Анықтама: 2010 жылы құрылған сәттен бастап Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығы Джакарта декларациясын (2010), Сеул декларациясын (2012) («Азиядағы Конституциялық сот төрелігінің бүгіні мен болашағы» тақырыбы), Стамбул декларациясын (2014) («Конституциялық соттардың адам құқықтарын қорғауы», «Конституциялық/Жоғарғы соттар мен Парламент арасында қатынастар», «Конституциялық Сот төрелігіндегі түсіндіру әдістері» және «Конституциялық құрылысты қорғаудағы конституциялық және жоғарғы соттардың рөлі»), Бали декларациясы (2016) («Азаматтардың конституциялық құқықтарын көтермелеу және қорғау» тақырыбы), Нұр-Сұлтан декларациясы (2021) («ХХІ ғасырдың Конституциясы – құқықтың үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» тақырыбы), Улаанбаатар декларациясы (2022) («Азиядағы Конституциялық Сот төрелігі саласындағы соңғы оқиғалар» тақырыбы). Декларацияның әрқайсысы Азия өңіріндегі конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қатысушы елдер арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталды, бұл қатысушы елдерге адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, білім беру бастамаларын ілгерілету және дамыту бойынша өздерінің күш-жігерін үйлестіруге мүмкіндік берді: декларация ережелерінің негізінде заңгерлер мен судьялар үшін оқыту бағдарламалары мен тренингтер ұйымдастырылды, бұл олардың конституциялық құқық саласындағы біліктілігін арттыруға, Венеция комиссиясы сияқты басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуға ықпал етті, бұл тәжірибе алмасуға және Азия елдерінің конституциялық соттарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізуге, сондай-ақ экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге ықпал етті.

Телеграмм КС -

https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар