ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді: Жетісу облысы, 14 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілгенін хабарлайды.

ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады. Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы 1 сағат 10 минут, сертификаттық тестілеу үшін 2 сағат 7 минутты құрайды. Тест «Тыңдалым» бөлігі бойынша 20 тапсырмадан, «Оқылым» бөлігі бойынша 40 тапсырмадан, «Жазылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және «Айтылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады.

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін әр тест блогынан шекті балл жинау керек. Шекті балл дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығын құрайды. Бұл ретте «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің максималды балы 50 балл болып табылады.

Тіркеу процесі де жеңілдетілді. Жеке тұлғалар app.testcenter.kz сайты арқылы тестілеуге жазыла алады, ал заңды тұлғалар – ҰТО кеңсесіне ресми хат жолдау қажет. ҚАЗТЕСТ нәтижелері тестіленушінің жеке кабинетінде Астана қаласы үшін үш күн ішінде, басқа өңірлер үшін он бес күн ішінде қолжетімді болады.

Ескерту. ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. ҚАЗТЕСТ сертификаты қазақстандық жоғары оқу орындарына докторантураға және «Болашақ» бағдарламасына түсу үшін міндетті болып табылады.

Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты.

ҚАЗТЕСТ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ БЕКІТІЛДІ (www.gov.kz)

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілгенін хабарлайды.

ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады. Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы 1 сағат 10 минут, сертификаттық тестілеу үшін 2 сағат 7 минутты құрайды. Тест «Тыңдалым» бөлігі бойынша 20 тапсырмадан, «Оқылым» бөлігі бойынша 40 тапсырмадан, «Жазылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және «Айтылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады.

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін әр тест блогынан шекті балл жинау керек. Шекті балл дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығын құрайды. Бұл ретте «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің максималды балы 50 балл болып табылады.

Тіркеу процесі де жеңілдетілді. Жеке тұлғалар app.testcenter.kz сайты арқылы тестілеуге жазыла алады, ал заңды тұлғалар – ҰТО кеңсесіне ресми хат жолдау қажет. ҚАЗТЕСТ нәтижелері тестіленушінің жеке кабинетінде Астана қаласы үшін үш күн ішінде, басқа өңірлер үшін он бес күн ішінде қолжетімді болады.

Ескерту. ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. ҚАЗТЕСТ сертификаты қазақстандық жоғары оқу орындарына докторантураға және «Болашақ» бағдарламасына түсу үшін міндетті болып табылады.

Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты.

ҚАЗТЕСТ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ БЕКІТІЛДІ (www.gov.kz)

Аймақтағы жаңалықтар