«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ҚР Бас прокуратурасы талабының шеңберінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өндірістік филиалдарына қатысты бірқатар өңірлерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша кесу, пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алу сияқты бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд. теңгені құрады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды.
ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық бөлімшелері монополист-субъектінің филиалдарының атына негізсіз есептелген сомаларды қайтару және кесу, пломбалау мен газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін ақы алу бойынша практиканы тоқтату арқылы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -