Бұқар Жырау ауданында кезекте тұрғандарға жаңа пәтер кілті табысталды
Бұқар Жырау ауданы Ақбел ауылында төрт отбасы пәтер кілтін алды. Бақытты жандардың қатарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан, көпбалалы отбасылар мен кезекте тұрғандар бар.
Ауыл тұрғындары үшін заманауи жартылай жеке үйлер салынды. Әрқайсысында үш бөлме және жуынатын бөлме бар. Жалпы ауданы – 80 ш. м.
– Пәтер бала кезінен мүгедек қарындасыма бұйырды. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен бақыт. Енді оның өз баспанасы бар. Бұл қолдау үшін мемлекетке рахмет! – дейді Ғабиден Әуеспеков.
Көп балалы ана Мәншүк Сайкенова жеті жыл кезекте тұрған.
– Менің үмітім ақталды. Балалармен біздің қазір өз үйіміз бар екеніне өте қуаныштымыз. Кең бөлмелер, барлығы дайын, тіпті жуынатын бөлме де үйдің ішінде, – деп бөлісті ол.
Тұрғын үй құрылысын "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қаржыландырды.
Мұндай үйлер Ботақара кентінде, сондай-ақ Үміткер және Жаңақала ауылдарында берілген. Жыл соңына дейін Көкпекті ауылы мен Ботақара кентінде әр ауылда 10 жанұядан тағы 20 отбасына кілттерді тапсыру жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -