Бүгін Достық үйінде облыс әкімі Асайын Байханов дарынды балалармен, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті
Биылғы оқу жылында өңір оқушылары 211 медаль жеңіп алды, оның ішінде 35-і халықаралық және 171-і республикалық деңгейде.Осының арқасында Павлодар облысының құрамасы еліміздегі «Үздік олимпиадалық құрама - 2024» атағын жеңіп алды.
Облыс әкімі жас олимпиадашыларды жеңістерімен құттықтады.- Сіздердің халықаралық және республикалық деңгейдегі зияткерлік олимпиадалардағы жетістіктеріңіздің арқасында облысымыздың білім беру жүйесі жоғары бағаланады. Сіздер керемет дайындық деңгейін көрсеттіңіздер. Біз сіздерді жоғары білімді, ата-аналарыңыздың лайықты балалары ғана емес, Павлодар Ертіс өңірінің патриоттары ретінде көргіміз келеді, - деді өңір басшысы.
Асайын Байханов олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хаттар мен 100 мың теңгеге сертификаттар табыс етті.Сондай-ақ, облыс әкімі мектеп ұстаздарына оқушыларды дайындағандары, ата-аналарға қолдау мен тәрбие бергендері үшін алғысын білдірді.
Кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері үшін республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындаған ұстаздарға ақшалай сыйлық тағайындалды. Биыл 45 ұстаз алатмыш сыйлықтың иегері атанды. Олардың ішінде дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің физика мұғалімі - Анатолий Билида, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның француз тілі мұғалімі - Қымбат Батаева, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің математика мұғалімі - Лилия Стадникова және т. б. бар.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -