Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов Париж қаласында өтетін 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Ольга Сафроновамен кездесті
Павлодарлық жеңіл атлет Париждің «Stade de France» орталық стадионында өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің туын алып шығу құрметіне ие болды. Көк байрағымызды Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов ұстап шығады.Жақында спортшыларға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан туын табыс етті.- «Жеңіл атлетика» спорты түрінен біздің облысымыздан Ольга Сафронованың өткенін мақтан тұтамыз. Бұл Павлодар спорты үшін жоғары жетістік екені сөзсіз, - деп атап өтті өңір басшысы.Жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова үшін бұл төртінші Олимпиада ойындары. Париждың алдында спортшы жеңіл атлетикадан халықаралық Silk Road to Paris жарысында 200 метрге жүгіруде «алтын» жеңіп алған болатын.Облыс әкімі спортшыға сәттілік тілеп, сертификат табыстады. Өз кезегінде Ольга Сафронова облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жанкүйерлердің сенімін ақтауға бар күшін салатынын жеткізді.Парижде өтетін 33-ші жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -