Бүгін облыс әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Людмила Курманова азық-түлік бағалары бойынша жағдайды және баға айырмашылығын реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінгі таңда өңірдегі азық-түлік тауарларының 15 түрі бойынша бағалар орташа республикалық мәннен төмен деңгейде сақталып отыр. Ал тауарлардың 9 түрі бойынша облыс ең төмен бағамен ҮЗДІК-5 өңірдің қатарына кіреді. Еліміз бойынша өңірімізде жоғары бағаның қатарында тұз бен макарон өнімдері.
Бағаның өсуін тежеу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыру және толықтыру, «Айналым схемасы» бойынша несиелер беру, өнімдерді «Jailau» фермерлік базары арқылы сату және апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу шаралары жасалуда.
Сонымен қатар, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия өндіруші мен соңғы тұтынушы арасындағы тиімсіз делдалдарды анықтау мақсатында 11 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 5 жағдай Екібастұзда және 7 жағдай Ақсуда тіркелді.
Бүгінгі таңда облыстың тұрақтандыру қорында 2,3 млрд теңгеге тауардың 12 түрі бойынша 11 мың тоннадан астам өнім бар. Нарықтағы баға жағдайын ескере отырып, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көкөністерді брондаудан шығару басталды.
1 ақпандағы жағдай бойынша 684 тонна картоп, 277 тонна сәбіз, 116 тонна пияз және 102 тонна қырыққабат сатылды. Өнімдерді сату тұрақтандыру қорының 209 серіктес дүкендері арқылы жүзеге асырылады.
Жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева салалық басқармаға қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп күнделікті баға мониторингін жалғастыруды, тұрақтандыру қорынан өнім алу жұмыстарын жандандыруды, делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі комиссияның жұмысын күшейтуді тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -