Бүгін облыс әкімдігінде Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауының негізгі 9 бағытын іске асыру талқыланды
Облыс әкімі Асайын Байханов бұл маңызды әрі заманауи құжат екенін және оның әрбір тармағы қазіргі заман талабына байланысты екенін атап өтті.
- Президент Жолдауын жүзеге асырудың әсерін облысымыздың әрбір тұрғыны сезінуі тиіс. Біз қабылдап жатқан барлық шаралар барлық мемлекеттік органдар арасында алға бағытталған және нақты үйлестірілуі тиіс, - деп атап өтті өңір басшысы.
Жиналыста қаржы салаларын жетілдіру және әлеуметтік қорғау, инвестициялар тарту, АӨК күшейту, денсаулықты нығайту, білім беру, спорт жүйесін дамыту шаралары қаралды.Облыс әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына олардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды. Бүгінгі таңда 20 энергия көзіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. 1866,1 км (85%) электрмен жабдықтау желілері және 704 бірлік (89%) жабдық жөнделді.2 472 көппәтерлі тұрғын үйдің 1 893-і немесе 76,5%-ы тексеріліп, жылу қабылдауға дайын.
Ауылдық елді мекендердің дайындығына қатысты Асайын Байханов Павлодар, Баянауыл, Шарбақты аудандарында көмір дайындау баяу жүргізіліп жатқанын атап өтіп, бұл жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Өңір басшысы қазандықтарды, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды, әлеуметтік сала нысандары үшін қажетті мөлшерде көмір сатып алуды және жеткізуді, сондай-ақ, барлық нысандарды 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде дайындауды тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -