Бүгін Қостанайда "МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты" ЖШС жаңа өндірістік кешенінің ашылу салтанаты өтті, онда "Беларусь"маркалы тракторларға арналған кабиналар шығарылатын болады.
Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Александр Рогожин, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин және "МТЗ" АҚ Бас директоры Виталий Вовк қатысты.Жаңа өндірісте 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Өндіріс ауқымы кеңейіп, бюджетке құйылатын салық түріндегі түсімдер ұлғаятын болады. Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Александр Рогожин өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан тарапының машина жасау саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, жобаны іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Бұл жобаны іске асыру үшін 7,4 млрд. теңге инвестицияланды. Өндірістік алаң 10000 шаршы метрге кеңейтілді. Кәсіпорында көптеген жаңа технологиялық жабдықтар орнатылды: дәнекерлеу роботтары, лазерлік кешендер, роботты праймер және ұнтақ бояу желісі және т.б."Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз өнімдегі қазақстандық үлесті арттыру бойынша шаралар қабылдап жатырмыз", - деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов. - "Қостанай Машина жасау компаниялары жыл сайын өндірісті жергіліктілендіруді арттыруда. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ металлургия, химия өнеркәсібі және компоненттер өндірісі сияқты байланысты салалардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бюджет түсімдерін ұлғайтатын болады".Тұтастай алғанда, бұл жобаны іске қосу, өнеркәсіптік әлеуетті арттырудан басқа, адами капиталды дамыту –жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруды көздейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -