Бүгін Президент БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Оның арасында “Aqtobe” телеарнасының редакторы Венера Серғазина бар.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153
өкіміменҚазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
«Ақтөбе»
облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымынажарияланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -