Бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күні облыс әкімі Асайын Байханов өзін-өзі басқару көшбасшыларымен, волонтерлармен және бизнес-жобалардың жүлдегерлері атанған оқушылармен кездесті
Кездесу жанды форматта «Батыр Молл» СОО-да өтті. Облыс әкімі балаларды 1 маусым мерекесімен құттықтап, Павлодар облысы жас таланттарға бай екенін жеткізді.- Біз сіздерден серпінді инновациялық жобалар жасап, қоғамымызды дамытуға үлес қосатын болашақ ғалымдар, IT - мамандары, энергетиктер, аграршылар, сәулетшілер шығады деп сенеміз, - деп атап өтті өңір басшысы.Облыс әкімімен жүздесу барысында балалар өздерінің жетістіктерімен, хоббилерімен, болашаққа құрған жоспарларымен бөлісті. Олардың ішінде: Жан Бейсекеев - телеграмда мектеп оқушыларына арналған чат-ботты әзірлеуші, Мерей Халел - мектеп президенті, «Ұшқан ұя» волонтерлер клубының басшысы, Нұрәлі Оспан - Real Sporting De Gijon испан клубының үздік қорғаушысы және Қазақстанның топ 100 жас футболшысының қатарына кіреді, Райымбек Асылбек - «Көкпар», «Бәйге» қатысушысы, Санжар Досов - акваробот жасаған өнертапқыш, Минель Иманғалиева - Әбіш Кекілбаев пен Шоқан Уәлихановқа арналған сайттарды жасаушы, Людмила Браун - «Жас құтқарушы» оқушылар құтқару жасағының командирі бар.Кездесу форматы балаларға облыс әкімінің жеке тұлға болып қалыптасуы туралы білуге мүмкіндік берді: адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға не көмектеседі, мектеп өміріндегі есте қаларлық оқиғалар, түлекке қандай кеңес беруге болады және үш негізгі құндылық.Өңір басшысы өзінің өмір жолы: мектепте техникалық пәндерге деген құштарлығы, неміс халықаралық банк холдингіндегі жұмыс тәжірибесі туралы айтты.Кездесу соңында Асайын Байханов барлық балаларға табыс, белсенді және қызықты демалыс тіледі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -