БӨГЕНБАЙ БАТЫР ШАҒЫНАУДАНЫНДА 12 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Жезқазғанның Темір жол көшесіндегі жолдың ені екі метрге ұлғайтылып жатыр. Яғни ескі тротуардың орны бөлшектеліп, алдағы уақытта төселетін асфальт жабынымен бірігіп жол кеңейтіледі.
Аталған жұмыстарды Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қадағалады. Қазіргі уақытта аталған жол фрезерленген. Бұл жерде тұрғындардың сұранысы бойынша қиыршық тас жабындысының деңгейін төмендету жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл Бөгенбай батыр шағынауданының Темір жол, Темір жол тұйық, Сафронов, Сафронов тұйық, Әлмұханбетов, Шинтуринов, Майлин, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов көшелерін орташа жөндеу көзделген.
Жұмыстардың аяқталу уақыты – 1 тамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -