Біліктілік емтиханын тапсыруға қалай дайындалуға болады?
Судья лауазымына біліктілік емтиханы Қазақстан Республикасындағы судья кадрларын іріктеу жүйесінің маңызды элементі.
Жоғары Сот Кеңесі біліктілік емтиханының жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Мәселен, қазіргі уақытта оны өткізу мерзімдерін арттыру мәселесі қаралуда.
Судьялыққа кандидаттарды бағалау рәсімінің біркелкілігін, объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Кеңес біліктілік емтиханын тапсыру үшін тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Бұл ұсынымдар сот корпусының сапасын арттыруға және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Ұсынылған бейнероликте біліктілік емтиханының барлық кезеңдері бойынша ұсынымдар бар.
Әзірленген ұсынымдар үміткерлерге біліктілік емтиханына мұқият дайындалуға мүмкіндік беретін нұсқаулық болады.
Осы ұсынымдарды орындай отырып, үміткерлер емтиханның барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, судья кадрларын іріктеу кезінде бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, Кеңестің біліктілік емтиханын тапсыру үшін құжаттарды қабылдауы тұрақты негізде жүргізіледі.
Ол үшін белгіленген құжаттар топтамасын Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1 В кіреберісінде орналасқан Жоғары Сот Кеңесінің мекенжайына жолдау қажет.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: 74-90-44, 74-95-42, 74-95-35, +7 778 290 48 14.
Электрондық мекенжайлар: s.salimzhanova@vss.gov.kz, k.asylbekova@vss.gov.kz, m.turmukhambetova@vss.gov.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -