Білім беру нысандарындағы өрт қауіпсіздігі және тексерулерге енгізілген өзгерістер туралы
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД мамандары Ақпараттық орталықта өткен брифингте білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы және мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырудағы өзгерістер туралы баяндады.
ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Болат Тоқтарғалиев облыс аумағында 653 білім беру нысаны, оның ішінде 360 жалпы білім беретін мекеме (мектептер, лицейлер, гимназиялар) бар екенін айтты. Оқу жылына дайындық аясында білім беру бөлімдерімен бірлесіп, мектептердің өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізіледі. Ерекше назар ғимараттар мен құрылыстарға кіреберіс жолдарға, өртке қарсы су қамтамасыз ету жүйесіне, өрт автоматикасы мен эвакуация жолдарының жай-күйіне, электр жабдықтарының жарамдылығына, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз етілуіне аударылады.
Осы жылы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес 292 білім беру нысаны тексерілді, оның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1543 фактісі анықталды. Білім беру нысандарына өртке қарсы жай-күйінің қанағаттанарлықсыз екендігі туралы хабарланды. ТЖД мамандары нұсқаулықтар мен қауіпсіз эвакуация бойынша 168 бірлескен жаттығу өткізді.
Брифинг барысында мамандар жалпы нысандарда мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырудағы кейбір өзгерістер туралы айтып өтті.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылауды нысанды бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы жүзеге асыру үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне және тексеру парақтарына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ азаматтық қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актілердің нысандары бекітілді.
Тексеру парағында өрт қауіпсіздігі бойынша 81 талап бар, олардың бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға – нысандағы қызметті немесе жұмысты тоқтатуға әкеледі. Жедел ден қою шараларының әрекет ету мерзімі барлық талаптар үшін бірдей – 60 күнтізбелік күн.
ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -