Білім беру саласына 351 жыл қалтқысыз қызмет еткен
Абай облысының білім беру саласында із қалдырған, ғасырдан астам тарихы бар ұстаздар әулеті тұрады. Олардың бірі Аслаевтар отбасы. Әулеттің ұстаздық жолы 1932 жылы Семей педагогикалық училищесін бітірген Ғабдолла Ғабделваризұлы Аслаевтан басталады. Ол Абай атындағы орта мектепте орыс тілінен сабақ беріп, 40 жыл бойы шәкірттерінің білімге деген сүйіспеншілігін оятып, жаңа жетістіктерге баулыған.
Әулетінің екінші ұрпағы Шолпан Ғабдоллақызы Нұрышева 1957 жылы Семей педагогикалық училищесін, 1969 жылы Семей педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірген. Ол 35 жыл бойы бастауыш сынып оқушыларына сабақ берумен қатар, жоғары сыныптағы шәкірттерін химия пәніне қызықтыра білген. Көп балалы ана ретінде «Ана Даңқы» ордені және «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған.
Әулеттің күйеу баласы Төлеуғали Еңсебайұлы Нұрышев 1966 жылы Семей педагогикалық институтын бітіріп, 35 жыл физика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. Еңбегі үшін «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Аслаевтар отбасы білім саласындағы мол тәжірибелерімен ерекшеленеді. Олардың арасында Қашура Аймұхаметова, Мансура Жұманбаева және Айман Асылаева сынды ұстаздардың әрқайсысы 40 жылдан астам уақыт білім беру саласында қызмет етіп келеді. Айман Асылаева 1976 жылдан 2013 жылға дейін математика пәні мұғалімі әрі оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Оның шәкірттері республикалық, халықаралық олимпиадаларда үздік нәтижелерге жетіп, білім жарыстарында көзге түсті.
Әулеттің үшінші ұрпағы да ұстаздар жолын жалғастырушылар. Немерелері Айман Нұрышева, Эльмира Райымбекова, Лаура Махметова, Серікбол Сейітов, Мадина Жұманбаева және Мақпал Жарасбаева білім беру саласында жоғары жетістіктерге жетіп, ұстаздық жолды жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -