Білім күні қарсаңында облыс әкімі Марат Ахметжанов пен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елордалық аймақтың жаңа мектептерінде болды
Халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Қосшы қаласында оқушылар саны 11 мыңнан асты. 2024-2025 оқу жылында мұнда 1200 орындық №4 жалпы білім беретін мектеп ашылады.
Үш қабатты заманауи ғимаратта білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте 48 пәндік кабинет, кітапхана, металл және ағаш өңдеу шеберханалары, тігін шеберханасы, ас үй жабдықталған. Сондай-ақ, 2 спорт залы, салтанат залы, кең асхана және медициналық кабинет бар. Жаңа оқу жылында 500-ден астам оқушы осы мектептің табалдырығын аттамақ, оларды 35 педагог оқытатын болады.
Жоба облыстық бюджет есебінен «ФБК ДЕЛО» ЖШС мердігерлік ұйымымен іске асырылды.
Марат Ахметжанов пен Ғани Бейсембаев мұғалімдер ұжымымен кездесті, жаңа оқу жылымен құттықтап, табыс тіледі.
Сондай-ақ, өңір басшысы мен оқу-ағарту министрі Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылындағы мектепке барды.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында өңірде 3 мектеп ашылады, оның 2-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 11 білім беру мекемесін ашу жоспарлануда, оның 7-уі «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -