БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ТАСЫМАЛ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Облыстағы мектептерге арнайы сатып алынған 10 шағын автобустың кілтін бүгін өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы табыс етті.
Атап айтар болсақ осы жолы Маруа Құлұшева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығына, Жезқазған қаласы білім бөлімінің №9 мектеп-интернатына, Қаражал қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебіне, Жаңаарқа ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы, Ақтау ауылдық, Жанайдар Садуақасов атындағы, Ынтымақ мектебіне, Ұлытау ауданы Жезді мектеп-интернатына, Ұлытау ауданы №7 және №4 ЖББ мектебіне берілді.
«Облысымызда 88 мектеп бар болатын болса, оның 18-де 1 026 оқушы мектепке тасымалданады. Қазіргі қолданыстағы мектеп автобустарын кезең-кезеңмен жаңартуды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы 10 мектеп автобусын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 462 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Ұлытау ауданының мектептеріне 60,5 млн теңгеге 5 автокөлік сатып алынды. Автобустар мектептерге берілді, балалардың игілігі үшін пайдалануда»-деді өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.
Айта кетейік, өңір балаларына, оның ішінде шалғай ауылдардағы оқушылардың қолайлы жағдайда білім алуына жол ашу мақсатында Ұлытау облысы құрылғалы екі жылдың ішінде 26 қатынау құралы табыс етілген болатын. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -