«Бұл менің арманым еді» – Алматы әкімі мектептерді бір ауысымға көшіру туралы: Алматы қаласы, 18 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Бұл менің арманым еді» – Алматы әкімі мектептерді бір ауысымға көшіру туралы

15:06 бүгін - 18 Желтоқсан 2024 жылдың 1 Алматы қаласыКГУ «Аппарат акима города Алматы»
«Бұл менің арманым еді» – Алматы әкімі мектептерді бір ауысымға көшіру туралы

«Бұл менің арманым еді» – Алматы әкімі мектептерді бір ауысымға көшіру туралы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептерді бір ауысымды оқытуға көшіру мерзімі мен оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы журналистердің сұрағына жауап берді.

«Биыл біз 43 мектепті бір ауысымды оқытуға көшіру үдерісін бастадық – бұл менің арманым еді, балалар бір ауысымда оқыса деген. Біз бұл бастаманың оң әсерін көріп отырмыз. Ұзақ мерзімді перспективада 2027 жылдың соңына дейін мектептердің кем дегенде 40%-ын, шамамен 95 мектепті бір ауысымда оқытуға көшіру жоспарланып отыр. Бұл оқушылардың жүктемесін азайтып, қосымша сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, себебі бір ауысымға көшу екі ауысымды режимнен туындайтын жүктемені жеңілдетеді», – деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, оқу жылының басында қала мектептерінде оқушы орындарының тапшылығы шамамен 30 мың болған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында біз 22 мың оқушы орнын ашамыз. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін төмендейді. Одан әрі әкімдік білім беру нысандарын өз қаражаты есебінен салу және жаңғырту жұмыстарын жалғастырады. Бұл алдағы уақытта орын тапшылығының көбейіп кетуіне жол бермейді», – деді қала әкімі.



Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептерді бір ауысымды оқытуға көшіру мерзімі мен оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы журналистердің сұрағына жауап берді.</p> <p>«Биыл біз 43 мектепті бір ауысымды оқытуға көшіру үдерісін бастадық – бұл менің арманым еді, балалар бір ауысымда оқыса деген. Біз бұл бастаманың оң әсерін көріп отырмыз. Ұзақ мерзімді перспективада 2027 жылдың соңына дейін мектептердің кем дегенде 40%-ын, шамамен 95 мектепті бір ауысымда оқытуға көшіру жоспарланып отыр. Бұл оқушылардың жүктемесін азайтып, қосымша сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, себебі бір ауысымға көшу екі ауысымды режимнен туындайтын жүктемені жеңілдетеді», – деді Ерболат Досаев.</p> <p>Әкімнің айтуынша, оқу жылының басында қала мектептерінде оқушы орындарының тапшылығы шамамен 30 мың болған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.</p> <p>«Жайлы мектеп» жобасы аясында біз 22 мың оқушы орнын ашамыз. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін төмендейді. Одан әрі әкімдік білім беру нысандарын өз қаражаты есебінен салу және жаңғырту жұмыстарын жалғастырады. Бұл алдағы уақытта орын тапшылығының көбейіп кетуіне жол бермейді», – деді қала әкімі.</p>

Аймақтағы жаңалықтар