Бұл мереке – бірліктің символы – Дмитрий Останкович Республика күні туралы: Астана қаласы, 24 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Бұл мереке – бірліктің символы – Дмитрий Останкович Республика күні туралы

Бұл мереке – бірліктің символы – Дмитрий Останкович Республика күні туралы

Бұл мереке – бірліктің символы – Дмитрий Останкович Республика күні туралы

Республика күні қарсаңында «Радима» белорус орталығының төрағасы Дмитрий Останкович Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, маңыздылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«25 қазан күні ерекше мереке – Республика күнін атап өтеміз. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Декларацияда егемендік жарияланып, тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық негіздері белгіленді», - деп бөлісті Дмитрий Останкович.

Оның айтуынша, Декларацияда тұңғыш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілген.

«Қазақстандықтарды келе жатқан мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – халқымыздың егемендік пен тәуелсіздік жолындағы бірлігінің белгісі. Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен береке тілеймін. Туған жерге деген сүйіспеншілік бізді Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы жаңа игі істерге жетелесін», - деп құттықтады Дмитрий Останкович.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Республика күні қарсаңында «Радима» белорус орталығының төрағасы Дмитрий Останкович Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, маңыздылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.</p> <p>«25 қазан күні ерекше мереке – Республика күнін атап өтеміз. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Декларацияда егемендік жарияланып, тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық негіздері белгіленді», - деп бөлісті Дмитрий Останкович.</p> <p>Оның айтуынша, Декларацияда тұңғыш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілген.</p> <p>«Қазақстандықтарды келе жатқан мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – халқымыздың егемендік пен тәуелсіздік жолындағы бірлігінің белгісі. Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен береке тілеймін. Туған жерге деген сүйіспеншілік бізді Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы жаңа игі істерге жетелесін», - деп құттықтады Дмитрий Останкович.</p>

Аймақтағы жаңалықтар