BAITURSYNULY UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРЛЕСІП ДАҚЫЛДАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК СОРТТАРЫН ӨСІРУДЕ: Астана қаласы, 09 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

BAITURSYNULY UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРЛЕСІП ДАҚЫЛДАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК СОРТТАРЫН ӨСІРУДЕ

Қостанай өңірінің тәжірибе жасау алқаптарына Қытайдан әкелінген картоп пен бидайдың 9 түрі, сояның 5 түрі, жүгерінің 3 түрі, рапс пен жоңышқаның бір түрі отырғызылды. Өсімдіктердің жерсінуін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары ғана емес, Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU) магистранттары да бақылауға алған. ​

Бұл университет Қытайдың топ-3 аграрлық жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Бізде студенттерді оқытуға да, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге де негізделген ынтымақтастық бар. Қытайлық әріптестер алдымен аймақта өсе алатын дақылдар тұқымын таңдап алды. Шілде айының соңында серіктес университеттің ғалымдары бізге зерттеулердің қалай жүріп жатқанын көру үшін тағы да келеді, - деді ҚӨУ ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Алмабек Нұғманов.

Пробиркада вируссыз әдіспен өсірілген қытайлық шағын картоп түйнектері «Терра» ШҚ алқаптарына отырғызылды. Оның жетекшісі Владимир Семейкин ғылыми зерттеулерге қайтарымсыз көмектесуде.

PhD докторы, ҚӨУ кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әсия Аңсабаева аймаққа картоптың ең қажетті сорттарын енгізу және оларды өндірістік ауқымда өсіру жоспарда екенін атап өтті.

Сынақ үш жыл бойы жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – биометриялық және сапалық көрсеткіштер бойынша ең жақсы сорттарды анықтау. Түйнектердің сақталуы маңызды, өйткені Қытайда бір жылда картоп бірнеше рет жиналады, ал Қазақстанда олар қыста өсірілмейді, - деп түсіндіреді Әсия Аңсабаева.

Қытай магистранттары үшін далада жұмыс істеу – ең қолайлы тәжірибе. Олар Қостанай өңірлік университетінде 2 ай тағылымдамадан өтуде.

Бұл мен үшін таптырмас тәжірибе. Қостанайдағы оқу орда тәлімгерлері өте мықты мамандар, соның арқасында біз білімімізді жаңартып, шетелдік ауыл шаруашылығы технологияларымен таныстық, - дейді Tang Zhongyan.

Қостанайлық ғалымдар бұл халықаралық эксперименттің нәтижесінен Қазақстан-Қытайдың жаңа картоп сорттары шығатынына сенімді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар