BAITURSYNULY UNIVERSITY БАЗАСЫНДА АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (АҚШ) ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
BAITURSYNULY UNIVERSITY БАЗАСЫНДА АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (АҚШ) ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Аризона университетінің профессоры, PhD докторы Шейн Кэмпбелл-Бургесс Қостанайға қазақстандық және американдық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың бағыттарын талқылау үшін келді. Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – оқу орындарының инновациялық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аудара отырып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту. Профессор Шейн Кэмпбелл-Бургесс дақылдардың өнімділігі мен ауылшаруашылық жануарларының өнімділігін арттыруға бағытталған зерттеулерге қызығушылық танытты. Кездесуде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ғылыми тәсілдері талқыланды.
Атап айтқанда, қостанайлық жылқы тұқымының жойылу қаупі, топырақ токсикологиясы, су ресурстарының мониторингі саласында терең зерттеулер жүргізу қажеттілігі және басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, Аризона университеті өкілдерінің Қостанайға көктемгі сапары барысында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында зерттеу орталығын ашу туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді.
Осы орталықтың базасында қостанайлық және американдық ғалымдар ет және сүт шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және егістік дақылдарын өсіру саласындағы талдау және ғылыми әзірлемелермен бірлесіп айналысатын болады деп күтілуде. Аймақ басшылығы бірлескен далалық зерттеулер жүргізу үшін Baitursynuly University-ге жер телімін бөліп берді. Шейн Кэмпбелл-Бургесс өзінің сапары аясында Қостанай университетінің бірқатар ауыл шаруашылығы серіктес кәсіпорындарына, соның ішінде «Қазақ тұлпары», «Заречное», «Садчиковское» ЖШС-тарына барды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -