BAITURSYNULY UNIVERSITY ЖӘНЕ DONG-EUI: МАШИНА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ: Астана қаласы, 28 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

BAITURSYNULY UNIVERSITY ЖӘНЕ DONG-EUI: МАШИНА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ

Baitursynuly University мен Dong-Eui University арасында қос дипломды мамандар даярлау туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа қол қою рәсімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореядағы білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммитіне қатысуы аясында өтті.

Саммиттің негізгі тақырыбы – цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында білім беру мен ғылымдағы өзгерістер. Министр өз сөзінде жасанды интеллектіні білім беру технологиялары мен әдістемелеріне енгізудегі Қазақстан университеттерінің табысты мысалдарын келтірді және студенттер мен оқытушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетін салалық әріптестіктер құрудың маңыздылығын атап өтті.

Dong-Eui University – Оңтүстік Кореяның ең көне жеке университеттерінің бірі, ол көлік құрастыру саласы бойынша мамандар даярлауда мол тәжірибеге ие және әлемге әйгілі автокорпорация «Hyundai»-мен тығыз жұмыс істейді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Dong-Eui University арасында академиялық байланыстар оң жолға қойылған.

Университеттер арасында «Көлік құрастыру» бағыты бойынша маман даярлау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Меморандум аясында ҚӨУ студенттері Dong-Eui University-де алмасу бағдарламасы бойынша оқиды. Олар сапалы кәсіби білім алып, практикадан өтіп, корей тіліндегі дағдыларын нығайтады.

Жаңа оқу жылында Dong Eui University-де тағы 10 костанайлық студент оқи алады. Ынтымақтастықтың нәтижесінде Baitursynuly University үшін студенттерге арналған квота саны ұлғайтылды. Қос дипломды мамандар даярлау туралы келісімшарттың арқасында костанайлық студенттердің мүмкіндіктері одан әрі кеңейеді. Атап айтқанда, келісімшарт аясында корей тілінде оқу, екі университеттің дипломдарын алу, алдыңғы қатарлы көлік құрастыру алаңдарында оқу және тәжірибе жинақтау қамтылған. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда магистратураға түсу және KIA зауыттарында жұмысқа орналасу артықшылықтары ұсынылады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар