Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының маңында дренаждық арық салынуда
Ұзындығы 1,2 шақырым және биіктігі 3 метрді құрайтын арық «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының бойында. Бұл құрылыс су тасқыны кезінде трассаны, оған жақын орналасқан Қарауылкелді елді мекенін су тасқыны кезінде қарғын судан қорғауға мүмкіндік береді.
«MAKS Group corporation» ЖШС мердігер ұйымы жер жұмыстарын жүргізуде.
Облыс әкімі Асхат Шахаров Байғанин ауданында болып, құрылыс барысын бағамдады, мердігерлерге жұмыстарды сапалы орындауды және жобаның тапсырылатын мерзімдерін кешіктірмеуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -