Балалар өрт сөндіру мұражайын аралады
Бүгін, балаларды қорғау күні қарсаңында «Совенок» балаларды мектепке даярлау балалар білім беру орталығының оқушылары Семей қаласындағы өрт күзеті мұражайында болды
Өрт сөндіру көлігінің гүріліне, құтқарушылардың формасына, тіпті жай ғана өрт сөндіру ісіне немқұрайлы қарайтын баланы табу өте қиын. Өрт сөндірушілердің жабдықтары, техникасы мен қорғаныс костюмдері және өртке қарсы қызметтің қалыптасу тарихы туралы тыңдау кез-келген жастағы балалар үшін ерекше қызықты болады.
«Совенок» балаларды мектепке даярлау балалар білім беру орталығының оқушылары да өрт сөндіру қызметінің тарихымен танысу үшін осындай қызығушылықпен келді.
Экскурсоводтар Айдар Самаев пен Данияр Разуев әрбір экспонат туралы нақты деректер туралы әңгімелеп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті қызметінің құпияларымен бөлісті
Сондай-ақ, балаларға макеттер арқылы өрт кезінде қалай әрекет ету керектігі, өрт сөндіргішті қалай қолдану ережесі жайлы айтылып, алғашқы брандмейстерлер киген тарихи өрт каскалары көрсетілді.
Балалар жағымды эмоциялар алып, қауіпсіздік жайлы және құтқарушылардың қызметі туралы көптеген мағлұматтар алып, оқытушыларымен естелік суретке түсті.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -