Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда: Абай облысы, 12 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Абай облысы әкімдігінде аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен мектептер мен жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Өңірдегі білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті қауіпсіздік құралдарымен жабдықтауға 107 млн теңге бөлінді. Аймақтағы барлық білім ошақтары бейнекамералар мен дабыл тетікшесімен жабдықталған.

Облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, турникет орнату жалғасуда. Мемлекеттік мектептерде 100%, жекеменшік мектептерде – 85,7%, қосымша білім беру ұйымдарында – 22,7%, мемлекеттік колледждерде – 100%, жекеменшік колледждерде – 80%.

Сонымен қатар, облыстағы 127 мектепте Starlink спутниктік интернет жүйесі енгізілді. Бұл шалғай елді мекендердегі, соның ішінде Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха аудандарындағы білім беру мекемелерін тұрақты байланыспен қамтамасыз етеді. Аталған жүйеге тағы 10 мектепті қосуға өтінім берілді.

«Sergek VMS» жүйесін пайдалана отырып, Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу аясында облыстың білім беру ұйымдарын ҚР ІІМ өңірлік жедел орталығына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған.

Білім ошақтарының маңайындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында білім ошақтарының маңындағы жол белгілері, жарықтандыру және бейнебақылау қондырғыларының жағдайы да жиында сөз болды. Өңірдегі 501 білім беру мекемесінің маңындағы инфрақұрылымды ретке келтіруге 127 миллион теңге қажет. Мектеп маңындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін қосымша бағдаршамдарды, сондай-ақ «Балалар» және «Жылдамдық шектеуі» деген жазуы бар ақпараттық тақталарды орнату туралы айтылды.

Сонымен қатар, екінші және үшінші ауысымдағы оқушыларға ыңғайлы болу үшін Семейде қоғамдық көліктердің кестесін кешкі сағат 21:00-ге дейін, Аягөзде 20:00-ге дейін ұзарту ұсынылды.

«Балалардың қауіпсіздігі – бәрінен де маңызды. Сондықтан мектеп маңындағы инфрақұрылымды реттеу жұмыстарын жеделдетіп қолға алу керек. Қажетті қаржыны бөлеміз. Қоғамдық көліктердің кестесін ұзарту мәселесін қарастыру қажет», — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар