Балаларды қорғау күні құтты болсын!: Астана қаласы, 01 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Балаларды қорғау күні құтты болсын!

1 маусым елімізде дәстүрлі түрде Балаларды қорғау күні атап өтіледі.

Бұл әр баланың қорқыныш пен зорлық-зомбылықсыз бақытты және қауіпсіз балалық шаққа лайық екенін еске салуға арналған күн.

Балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ әрбір баланың ерекше қабілетін аша алатын жағдайлар жасау біздің баршамыздың міндетіміз. Олар өз құқықтарын құрметтейтін, армандарын қолдайтын, мүмкіндіктерін ашатын әлемде өсуі керек.

Мемлекетіміз бүгінде жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша күш салуда.

Мәселен, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы заң қабылданды, онда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік, ал педофилия және жас баланы өлтірген қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал 16 жасқа дейінгі балалармен жыныстық қатынасқа түскендерге бөлек жаза тағайындалады.

Сонымен қатар, биылдан бастап кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғушылық сипатында қылмыс жасау Қазақстан азаматтығына қабылдаудан бас тартуға негіз бола алады.

Балалардың құқықтарын қорғауға күн сайын үлес қосып жүрген барлық ата-аналарға, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, волонтерлерге және құқық қорғаушыларға алғыс айтамын. Сіздердің жұмыстарыңыз, қамқорлықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз әлемді жақсы жаққа өзгертері анық.

Балаларымызға өздерін қауіпсіз, сүйікті және маңызды сезінетін, қуаныш пен шаттыққа, керемет естеліктерге толы бақытты балалық шақ тілеймін!

Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

1 маусым елімізде дәстүрлі түрде Балаларды қорғау күні атап өтіледі.

Бұл әр баланың қорқыныш пен зорлық-зомбылықсыз бақытты және қауіпсіз балалық шаққа лайық екенін еске салуға арналған күн.

Балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ әрбір баланың ерекше қабілетін аша алатын жағдайлар жасау біздің баршамыздың міндетіміз. Олар өз құқықтарын құрметтейтін, армандарын қолдайтын, мүмкіндіктерін ашатын әлемде өсуі керек.

Мемлекетіміз бүгінде жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша күш салуда.

Мәселен, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы заң қабылданды, онда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік, ал педофилия және жас баланы өлтірген қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал 16 жасқа дейінгі балалармен жыныстық қатынасқа түскендерге бөлек жаза тағайындалады.

Сонымен қатар, биылдан бастап кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғушылық сипатында қылмыс жасау Қазақстан азаматтығына қабылдаудан бас тартуға негіз бола алады.

Балалардың құқықтарын қорғауға күн сайын үлес қосып жүрген барлық ата-аналарға, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, волонтерлерге және құқық қорғаушыларға алғыс айтамын. Сіздердің жұмыстарыңыз, қамқорлықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз әлемді жақсы жаққа өзгертері анық.

Балаларымызға өздерін қауіпсіз, сүйікті және маңызды сезінетін, қуаныш пен шаттыққа, керемет естеліктерге толы бақытты балалық шақ тілеймін!

Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев

Аймақтағы жаңалықтар