Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғауға болады? Әкімдік пен ТЖД елордада рейдтер жүргізеді
Бірлескен рейд кезінде Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі мен елордалық ТЖД тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, жадынамалар таратты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
ТЖД қызметкерлері ата-аналардың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауы кәмелетке толмағандардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауының негізгі себептері екенін атап өтті.
Айта кетейік, профилактикалық жұмыстар аясында Алматы ауданындағы көпбалалы отбасылардың бірнеше пәтерінде қауіпсіздік құлыптары орнатылды. Бұл қарапайым құрал балалардың кездейсоқ құлап кетуіне жол бермейді және олардың өмірін сақтайды.
«Балалар жарақатының алдын алуға байланысты біз бүгін полиция департаментіндегі, әкімдіктегі әріптестерімізбен бірлесіп, Алматы ауданының көпбалалы отбасыларына қауіпсіздік құлыптарын орнату акциясын өткіземіз. Бұл норма тікелей құрылыс нормалары мен ережелерінде қарастырылған. Қазір пайдалануға берілген көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінде осындай блокаторлар болуы керек. Бүгін біздің қызметкерлер оларды кейбір көпбалалы отбасылардың терезелеріне орнатады, бұл терезеден құлау қаупін айтарлықтай азайтады. Сондай-ақ ата-аналарға айтарымыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңызә, - деді Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ажар Рүстемова.
Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері тұрғындарға москит торларын пайдалану балаларды құлаудан қорғай алмайтындығын, өйткені олар баланың салмағын көтере алмайтынын еске салды.
«Мұндай акциялар қайғылы жағдайлардың қаупін төмендететіні сөзсіз. Біз ТЖД қызметкерлеріне осындай маңызды іс-шараларды өткізгені үшін алғыс айтамыз, себебі бұл қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Алматы ауданының тұрғыны Алтын Қайыржанова.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -