Банк секторында бәсекелестікті арттыру шаралары туралы: Алматы қаласы, 14 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Банк секторында бәсекелестікті арттыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ағымдағы жылы банк секторында бәсекелестікті арттыруға арналған бірқатар шаралар қабылдады.

Бірінші. Банк секторына шетелдік инвесторлардың кіруіне қойылатын талаптарды ырықтандыру.

Агенттік шетелдік банктердің еншілес банктер немесе өз филиалдарын ашуына қойылатын талаптарды ырықтандыру  бойынша заңнамалық түзетулер әзірледі. Аталған түзетулерді ағымдағы жылғы 16 қазанда Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының бірінші оқылымында мақұлдады.

Атап айтқанда, Қазақстанда филиал ашу үшін шетелдік банктің жиынтық активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапты 20 млрд АҚШ долларынан 10 млрд АҚШ долларына дейін азайту ұсынылады. Бұдан басқа, бейрезидент-банктердің филиалдары үшін резерв ретінде қабылданатын активтерді тәуекел деңгейі төмен қаржы құралдарына (мемлекеттік бағалы қағаздар, Ұлттық Банктің ноталары, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары) орналастыру мүмкіндігі көзделеді.

Сондай-ақ, кредиттік рейтинг деңгейіне қарай қаржы ұйымдары үшін құжаттар топтамасын қысқарту, сонымен қатар Агенттік ақпараттық жүйелерден не өтініш беруші елінің қаржы реттеушісінен дербес түрде ала алатын құжаттар тізбесін оңтайландыру жоспарлануда.

Тең бәсекелестік жағдайларын белгілеу мақсатында қызметтің лицензияланатын қосымша түрлерін жүзеге асыру мүмкіндігін ұсына отырып, филиалдың функционалын еншілес банктің функционалымен теңестіру ұсынылады.

Екінші. Жаңа сенімді шетелдік банктерді тарту.

Қазақстанның қаржы нарығында жаңа ірі шетелдік банктердің пайда болуы банк секторында бәсекелестікті кеңейтуге ықпал етеді, қазақстандық клиенттерге қаржылық көрсетілетін қызметтерді халықаралық қаржы топтарының үздік корпоративтік стандарттарына сәйкес алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта банк секторына 3 жаңа сенімді шетелдік банк тартылған:

1) 2024 жылғы 7 маусымда Кореяның BNK Financial Group қаржы тобына – BNK МҚҰ-ны екінші деңгейдегі банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берілді.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша BNK бас ұйымының активтері 128 миллиард АҚШ долларын құрады. BNK Financial Group 2011 жылы құрылған, Кореяда 379 филиалы мен 114 бөлімшесі, шет елдерде 28 филиалы  мен 3 өкілдігі бар.

2) 2024 жылғы 9 қазанда Abu Dhabi Commercial Bank PJSC ірі банк тобының (бұдан әрі – ADCB) «Al Hilal» ислам банкі» АҚ акцияларын сатып алуы жөніндегі мәміле аяқталды.

2024 жылғы 21 қазанда «Al Hilal» ислам банкі» АҚ-тың атауы «ADCB» ислам банкі» АҚ болып өзгертілді.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ADCB активтері 155,2 млрд АҚШ долларын, несие портфелі 85,6 млрд АҚШ долларын, меншікті капиталы 19,5 млрд АҚШ долларын құрады. ADCB БАӘ банк секторындағы активтер бойынша 3-орын алады (56 орынның ішінен) және жоғары кредиттік рейтингке ие (S&P-ден «A» және Fitch-тен «A+»).

3) 2024 жылғы 8 қазанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Катардың  Lesha Bank арасындағы «Bereke Bank» АҚ 100% акцияларын сату жөніндегі мәміле аяқталды.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Lesha Bank активтері 2,09 млрд АҚШ долларын, міндеттемелері – 1,72 млрд АҚШ долларын құрайды. Меншікті капиталы – 0,37 млрд АҚШ доллары, капитал жеткіліктілігінің коэффициенті – 17,76% (min 12,5%).

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар