Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы: Алматы қаласы, 22 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 57 қаулысымен «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары» бекітілді.

Қаулы 2024 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қабылданды.

Қаулы сауда-саттыққа қатысушыларды идентификаттау және электрондық сауда алаңына қауіпсіз қол жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі бойынша  талаптарды айқындауға бағытталған.

Талаптарға сәйкес бағдарламалық қамтылымды пайдалануға енгізгенге дейін электрондық сауда алаңының операторы бастапқы кодқа талдау жүргізуге және олар анықталған жағдайда кемшіліктерді жоюға міндетті. Электрондық сауда алаңының мобильдік қосымшасы, егер операциялық жүйенің қорғаныс тетіктерінің бұзылуы немесе клиенттің құрылғысын қашықтан басқару тіркелсе, қашықтан қызмет көрсетуді бұғаттауы керек.

Қағидаларда ақпараттың резервтік көшірмесін жасау тәртібі мен кезеңділігі, электрондық сауда алаңының ақпараттық жүйесінің резервтік көшірмелерін тестілеу кезеңділігі белгіленген.

Жаңа қағидалар электрондық сауда алаңының құжаттарын, оқиғалар журналдарын, экран түсірілімдерін, аудио-, фото - және бейнетіркеу нәтижелерін жедел қол жеткізуде кемінде 3 ай және мұрағаттық қол жеткізуде кемінде 5 жыл міндетті сақтауды көздейді.

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 57 қаулысымен «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары» бекітілді.

Қаулы 2024 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қабылданды.

Қаулы сауда-саттыққа қатысушыларды идентификаттау және электрондық сауда алаңына қауіпсіз қол жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі бойынша  талаптарды айқындауға бағытталған.

Талаптарға сәйкес бағдарламалық қамтылымды пайдалануға енгізгенге дейін электрондық сауда алаңының операторы бастапқы кодқа талдау жүргізуге және олар анықталған жағдайда кемшіліктерді жоюға міндетті. Электрондық сауда алаңының мобильдік қосымшасы, егер операциялық жүйенің қорғаныс тетіктерінің бұзылуы немесе клиенттің құрылғысын қашықтан басқару тіркелсе, қашықтан қызмет көрсетуді бұғаттауы керек.

Қағидаларда ақпараттың резервтік көшірмесін жасау тәртібі мен кезеңділігі, электрондық сауда алаңының ақпараттық жүйесінің резервтік көшірмелерін тестілеу кезеңділігі белгіленген.

Жаңа қағидалар электрондық сауда алаңының құжаттарын, оқиғалар журналдарын, экран түсірілімдерін, аудио-, фото - және бейнетіркеу нәтижелерін жедел қол жеткізуде кемінде 3 ай және мұрағаттық қол жеткізуде кемінде 5 жыл міндетті сақтауды көздейді.

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz

Аймақтағы жаңалықтар