Банктер мен басқа да қаржы ұйымдары үшін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі әдіснамалық нұсқау туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Банктер мен басқа да қаржы ұйымдары үшін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі әдіснамалық нұсқаудың (Environmental and social risk management, ESRM) (бұдан әрі – Нұсқау) бекітілгені туралы хабарлайды.
Нұсқауды Агенттік Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесе отырып, ESG қағидаттарын қаржы ұйымдарының стратегиялары мен бизнес-модельдеріне кезең-кезеңімен ықпалдастыру шеңберінде әзірледі.
Нұсқаудың мақсаты қазақстандық қаржы ұйымдарына экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқарудың үздік тәжірибелерін түсінуде, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесін қаржы ұйымдарының бизнес-процестеріне табысты ықпалдастыру үшін тиісті әдіснамалық құралдарды пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.
Нұсқауда қамтылған ұсынымдар қаржыландырудың алуан түрлерін, оның ішінде сауда қаржыландыруын, микроқаржыландыруды, шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыруды, корпоративтік және жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруда қолданылады.
Нұсқау банктерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған. Сондай-ақ, Нұсқауды бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары пайдалана алады.
Нұсқаудың толық мәтіні Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Орнықты қаржыландыру» бөлімінде орналастырылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -