Банктердің, банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларының бекітілуі туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 Қаулысымен Банктердің, банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық идентификаттау өткізу қағидалары бекітілді.
Қаулы 2024 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленді.
Қаулыда биометриялық деректерді пайдалану және қорғау қағидаттары, бет бейнесі бойынша биометриялық идентификаттау өткізу тәртібі, идентификаттау деректерін алу және бейненің дұрыстығын тексеру рәсімдері, идентификаттау деректерін беру кезінде байланыс арналарын шифрлауды қамтамасыз ету бойынша талаптар, сондай-ақ биометриялық идентификаттаудың бүкіл процесін құжаттау тәртібі белгіленеді.
Аталған тетіктер банктер мен микроқаржы ұйымдарына олар интернет арқылы кредиттер мен микрокредиттер берген кезде қолданылады. Бұл нормалар қаржы ұйымдарын халыққа кредиттер беру кезінде, оның ішінде фотосуреттерді немесе алдын ала жазылған бейнероликтерді пайдаланудан қорғай отырып, толыққанды биометриялық идентификаттау өткізуге міндеттейді. Биометриялық идентификаттау өткізу нәтижелері ресми түрде құжатталады, бұл оларға кредиттер ресімделген жағдайда, азаматтарды қосымша қорғауға мүмкіндік береді.
Қағидалар процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биометриялық идентификаттау өткізу тәртібі мен талаптарын регламенттейді, сонымен бірге биометриялық идентификаттау провайдерлерін, оны өткізу тәсілдерімен құралдарын таңдау бойынша шектеулер жоқ.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 2371089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -