Бараев көшесінен Амман көшесіне дейінгі аралық жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев көшесінен Амман көшесіне дейінгі учаскеде Ж .Тәшенов көшесіндегі жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 12-15 шілде аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -