Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Тәшімбаевтың Халықаралық прокурорлар қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына қатысуы туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Баку қаласында өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 29-шы конференциясы мен жалпы жиналысына қатысты.
Іс-шараға 90-ға жуық елдің жоғары қадағалау органдарының басшылары мен 500-ден астам қатысушы жиналды.
Конференция тәжірибе алмасу және әр түрлі елдердің бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін бірегей алаң болып табылады.
Іс-шарада прокурорлар қауымы үшін өзекті мәселелер, оның ішінде қылмыстық процесте жәбірленушілер мен куәлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, цифрлық технологиялардың даму дәуіріндегі прокуратураның рөлі, сондай-ақ бейтарап және тәуелсіз сот төрелігі жүйесін қамтамасыз ету тәсілдері қарастырылды.
Аталған сапар барысында Тимур Тәшімбаев Әзірбайжан Республикасының Бас прокуроры Камран Әлиевпен кездесті. Тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдарды белгіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -