БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
Сәтбаев қаласындағы Тәуелсіздік көшесі 15/1 мекенжайында жаңа үй бой көтеруде. Баспана құрылысы биыл қазанда аяқталуы тиіс. 56 пәтерлі төрт қабатты үй осы уақытқа дейін кезекке тіркеліп, «Отбасы банктен» шот ашқан азаматтарға келер жылы беріле бастайды. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы іске асып жатқан құрылыс қарқынын қадағалап, жұмыс күшін көбейтуді тапсырды.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта құрылыс басына 30-ға жуық адам жұмылдырылған, нәтижесінде төбесін жабу, қасбетін салу жұмыстары атқарылып жатыр. Ішкі әрлеу жұмыстарына қосымша адам күші тартылады.
Сондай-ақ өңір басшысы нысан аумағын жауын-шашын мезгіліне жеткізбей, мүмкіндігінше қатар абаттандыру міндетін жүктеді.
Айта кетейік, Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында бұдан бөлек тағы екі үйдің құрылысы жүруде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -