Баспаналы болған көпбалалы ананың қуанышы
Темір ауданы Құмсай ауылының тұрғыны Нұрия Жуменованың үйін қарғын су бір мезетте жермен-жексен етіпті.
«Барлық дүние-мүлкімнен айырылсам да, еліміз далада қалдырмай, жан-жақты көмек берді», - дейді ол. Нұрия бірреттік әлеуметтік төлем мен материалдық шығынға деп бөлінген қаржыны алды. Бүгін көптен күткен жаңа баспанасына қол жеткізді.
80 шаршы метрлі үй жайлы әрі кең. Құрылыс компаниясы бүгін тұрмыстық техникаларды сыйға тартты. Бұдан бөлек, суы, жарығы мен көгілдір отыны тартылған, көшесіне асфальт төселіп, жарықтандырылған.
Көзіне қуаныштың жасы үйірілген көпбалалы ана қолдау көрсеткен барша қазақстандыққа алғысын білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -