БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ «Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына
Түзетулер инвесторлар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін бизнес-процестерді қиындатудың жағымсыз салдарын азайту мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле, Қарасай және Талғар аудандарының қызмет аймағын Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағына ауыстыру көзделген.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 12 маусымда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15086633 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 26 маусымға дейін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -