Баспасөз турын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында Ақтау қаласында журналистерге арналған баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараға бірқатар республикалық және өңірлік баспалардың қызметкерлері қатысты.
Үш күндік тур барысында олар «А» арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу полигонында, «Түпқараған» шекара бөлімшесінде, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жағалау күзетінің жауынгерлік кемелерінде болды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жауынгерлердің терроризмге қарсы және құтқару операцияларына қатысуға, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босатуға арнайы дайындығы көрсетілді. Теңізшілер Каспий су айдынына радиолокациялық бақылау жүргізу, теңіз шекараларын бұзушыларды анықтаған және ұстаған кезде дабыл тобының іс-қимылдары дағдыларын таныстырды.
Журналистер үшін лаңкестік шабуылдар мен дағдарыс жағдайларын жариялау бойынша тренинг өткізілді, 10 метрге дейінгі тереңдікке жаттығу сүңгуі ұйымдастырылды. Олар сондай-ақ арнайы жабдықталған киім үлгісін киіп, әртүрлі қару-жарақтардан практикалық атуға қатысты.
Іс-шара ашықтыққа, коммуникацияны нығайтуға және арнайы қызметтің ерекшелігін түсіндіруге бағытталған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды, шығармашылық табыс пен ізгілік тілейді.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -