Батыс Қазақстан облысында «Өрт-2024» РКШОЖ
16 мамыр күні республикалық «Өрт-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Батыс Қазақстан облысы аумағында ормандағы өртті сөндіру бойынша практикалық жаттығулар өтті.
Шартты түрде Жайық өзені бойымен «Романтика» бау-бақша бірлестігі маңында егістікте жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау салдарынан дала аймағында жану пайда болып, орман алқабына ауысуы орын алды.
Шұғыл түрде жедел штаб ұйымдастырылып, өртті жою бойынша учаскелер анықталып, күштер мен құралдар тобы төтенше жағдай аймағына жіберілді.
Барлау жүргізу барысында 10 га алаңда бұталар мен орманның жанып жатқаны анықталады, сондай-ақ, өрттің таралуының неғұрлым қауіпті бағытын; өрттің таралуына кедергілердің болуын; өрттің шетіне кіру мүмкіндігін, су көздерінің болуы және оларды пайдалану мүмкіндігі белгіленеді. Өрттің жақын орналасқан бау-бақша бірлестігіне және орманның көршілес аудандарына таралу қаупі туындады.
Өрттегі қатты ыстыққа және тез таралуына байланысты, соқа тракторының көмегімен жерді жырту туралы шешім қабылданып, жүргізілді.
Өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру мақсатында мотопомпалар орнатылып, автоцистерналар, қайықтар тартылды.
Қол жетпейтін жерлерде өртті сөндіру үшін жағдай күрделенген жағдайда авиаорманқорғаудың су шашатын құрылғысы бар тікұшағы дайындықта болды.
Өртті сөндіру кезінде басшылықтың сауаттылығы және жеке құрамның үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өртті жақын орналасқан бау-бақша бірлестігі мен орманның көршілес аудандарына таратпай, шартты өрт жойылды.
Жайық өзенінің екі жағалауындағы өрттің жалпы ауданы 25 га құрады.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қасыбаев «Оқу-жаттығулар барысында азаматтық қорғау жүйесі мен басқа да қоса берілген күштердің өрттерді сөндіру кезіндегі өзара іс-қимылдары пысықталып, оны бағалауға да мүмкіндік береді», - атап өтті.
Батыс Қазақстан облысы бойынша құрамында 328 адам мен 108 бірлік техника азаматтық қорғаудың 15 қызметі мен құрылымдары дайындық күйіне келтірілді.
Оқу-жаттығуды өткізуге барлығы 142 бірлік техника және 706 адам жұмылдырылды.
Жаттығу шеңберінде облыстың ТЖД және шекаралас РФ ТЖМ Бас басқармасының кезекші қызметтері арасында жедел жағдай бойынша өзара ақпарат алмасу іс жүзінде пысықталған болатын.
Жалпы оқу-жаттығудың қорытындылары бойынша азаматтық қорғаудың облыстық жүйесі өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайын деп бағалауға болады.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -