Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою жұмыстары
Батыс Қазақстан облысында суға кеткен саяжай аумақтарында су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күні төтенше жағдайлар департаменті күшімен «Венера», «Евразия» лагері, «Курени» аудандары, «Самал» шағын ауданы, «Березка 2», «Автомобилист», «Мичуринское» (Самал 3), «Восход», «Кристалл», «Объединенное» бау-бақша бірлестіктері және Бәйтерек ауданы Мичурино кенті маңдарында су сору жұмыстары жүргізілуде.
Төтенше жағдайлар департаменті және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.
Бұл жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 29 адам, 7 бірлік техника, 21 бірлік мотопомпа, 4 бірлік СНП-500 тартылған болатын.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -