BAYTAQ RUN FEST: Астанада эко жүгіру фестивалі өтті: Астана қаласы, 29 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

BAYTAQ RUN FEST: Астанада эко жүгіру фестивалі өтті

BAYTAQ RUN FEST: Астанада эко жүгіру фестивалі өтті

BAYTAQ RUN FEST: Астанада эко жүгіру фестивалі өтті

Астанада «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы BAYTAQ RUN FEST эко жүгіру фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен өткен демалыс күні Астанадағы Триатлон саябағында BAYTAQ RUN FEST атты жүгіріс өтті. Қатысуға бел буған әр тұрғын 5 шақырым қашықтықты бағындырды. 5 шақырым тәжірибелі жүгірушілерге де, жаңадан бастаушыларға да ыңғайлы қашықтық екенін айта кеткен жөн.

«Бұл фестиваліміз елордада екінші мәрте ұйымдастырылып жатыр. Бір ай бұрын Ботаникалық саябақтағы іс-шарамызға 100-ден астам адам қатысқан еді. Енді Триатлон саябағында қатысушылардың саны 210 адамды құрады. Біздің жүгірісіміздің басты ерекшелігі – ешқандай жарна төлеудің қажеттілігі жоқ. Әрбір қатысушы тек қана жүгіріп қана қоймай, естелік медальдермен марапатталып, іс-шара соңында лотерея арқылы сыйлықтар ұтып алды. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Мектеп оқушысынан бастап, зейнет жасындағы ата-әжелеріміз де қатысты. Бұл олардың өзара тіл табысып қана қоюынан бөлек, салауатты өмір салтын ұстануға итермелейді. Себебі, дені сау ұрпақ қана Қазақстанның болашағы болуы тиіс. Бұнымен тоқтап қалмаймыз. Әр айда тұрақты түрде өткізу жайлы жоспарымыз бар», - деді жобаның ұйымдастырушысы Әлішер Күзекбаев.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған айналаны таза ұстап, салауатты өмір салтын насихаттау. Ал бұл идея кезекті рет демалыс күні жүзеге асты.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Астанада «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы BAYTAQ RUN FEST эко жүгіру фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p> <p>«Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен өткен демалыс күні Астанадағы Триатлон саябағында BAYTAQ RUN FEST атты жүгіріс өтті. Қатысуға бел буған әр тұрғын 5 шақырым қашықтықты бағындырды. 5 шақырым тәжірибелі жүгірушілерге де, жаңадан бастаушыларға да ыңғайлы қашықтық екенін айта кеткен жөн.</p> <p>«Бұл фестиваліміз елордада екінші мәрте ұйымдастырылып жатыр. Бір ай бұрын Ботаникалық саябақтағы іс-шарамызға 100-ден астам адам қатысқан еді. Енді Триатлон саябағында қатысушылардың саны 210 адамды құрады. Біздің жүгірісіміздің басты ерекшелігі – ешқандай жарна төлеудің қажеттілігі жоқ. Әрбір қатысушы тек қана жүгіріп қана қоймай, естелік медальдермен марапатталып, іс-шара соңында лотерея арқылы сыйлықтар ұтып алды. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Мектеп оқушысынан бастап, зейнет жасындағы ата-әжелеріміз де қатысты. Бұл олардың өзара тіл табысып қана қоюынан бөлек, салауатты өмір салтын ұстануға итермелейді. Себебі, дені сау ұрпақ қана Қазақстанның болашағы болуы тиіс. Бұнымен тоқтап қалмаймыз. Әр айда тұрақты түрде өткізу жайлы жоспарымыз бар», - деді жобаның ұйымдастырушысы Әлішер Күзекбаев.</p> <p>Іс-шараның мақсаты – қоршаған айналаны таза ұстап, салауатты өмір салтын насихаттау. Ал бұл идея кезекті рет демалыс күні жүзеге асты.</p>

Аймақтағы жаңалықтар