Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтар тұрғын үй, жұмыспен қамту, суармалы жерге су жеткізу сияқты бірқатар мәселелермен жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осы күні қабылдауға 6 азамат кірді. Солардың бірі талдықорғандық тұрғын Р. Белгібаева 2007 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған. Кезек ретімен үй алу мүмкіндігі қашан болатынын білгісі келген азаматқа кезек ретімен осы жылдың соңына дейін тұрғын үй берілетіні айтылды.
Ал Ескелді ауданы Қоңыр ауылының тұрғыны Д.Шәкен жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Аталған ауылда математика мұғалімі ретінде жұмыс істеп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алған жас маманның бір жылдан соң денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығуына тура келген, соған байланысты бағдарламамен алған үйінің де заң жүзінде өзінде қалу-қалмау мәселесі туындаған. Қазір денсаулығы түзелген соң қайта жұмысқа тұрып, тұрғын үй алушы жас маман ретіндегі құқығын сақтап қалсам дейді. Осы орайда облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстық білім басқармасына және Ескелді ауданының әкімдігіне мәселені оң шешуге көмектесуді тапсырды. Жас маманға мектептен орын қарастырылып, бағдарлама аясында берілген тұрғын үйіне қатысты мәселелер заң аясында қарастырылатын болады.
Сол сияқты суармалы жерге су жеткізу, тұрғын үй қорынан үй алу мәселелері бойынша жүгінген басқа да азаматтарға мәселенің заңға сәйкес шешімі түсіндірілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -