Бейнелеу өнері музейі мектеп оқушылары мен студенттерді ауыл шаруашылығы күніне арналған сабақтарға шақырады
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі оқушылар мен студенттерді мұражай сабақтарында күтеді. 19–30 қараша аралығында ауыл шаруашылығы күніне арналған "Ауылым – алтын бесігім" сабағы өтеді.
Мұражай қорынан аграрлық тақырыптағы көркем және графикалық туындылар ұсынылатын болады. Оқушылар Социалистік Еңбек ерінің портреттерін, пейзаждарын, соның ішінде шексіз дала бейнелерін көре алады.
Картиналар мысалында музей қызметкерлері Қазақстандағы ауыл шаруашылығының тарихы және оның өңір өміріндегі рөлі туралы әңгімелейді.
Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Алдын ала міндетті түрде жазылу керек.
Музейдің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.
(8-7212) 475-475 телефон номері арқылы жазылуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -