Берлинде Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-ші отырысы өтті: Астана қаласы, 29 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Берлинде Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-ші отырысы өтті

Берлин, 2024 жылғы 28 тамыз – Германия астанасында Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-ші отырысы өтті. Кеңестің тең төрағалары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Германия экономикасы Шығыс комитетінің директоры Михаэль Хармс болды. Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров сөз сөйледі.

Отырысқа қазақ тарапынан негізгі салалық министрліктердің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының және отандық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Неміс тарапынан отырысқа Siemens, Siemens Energy, Svevind Energy, CT Agro, CLAAS KGaA, Flight Design General Aviation, Deutsche Bahn, KfW Banken Gruppe, Deutsche Bank және т.б. Германияның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ә. Қуантыров іс-шараның экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін де, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тауашаларды анықтау тұрғысынан да маңыздылығының жоғары дәрежесін атап өтті. Министрдің орынбасары Қазақстан мен Германия бизнесін жақындастыру жөніндегі жұмыстың нәтижелерін Қазақстан аумағында табысты жұмыс істейтін неміс және бірлескен кәсіпорындар түрінде атап өтті. Осылайша, елімізде 740-тан астам неміс компаниялары мен 400-ге жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

«Бүгінде елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстандағы герман жобаларының жалпы пулы жалпы құны 54 млрд доллар болатын 66 жобаны құрайды, шамамен 15 мың жұмыс орны ашылады. Пайдалануға 32 жоба енгізілді, бұл 6 мың тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Көптеген жетекші неміс брендтері қазақстандық нарықта бұрыннан бар, өте танымал және тұтынушылардың лайықты мойындауына ие. Германия Қазақстанның Еуроодағындағы негізгі сауда серіктесі болып табылатынын ескере отырып, біз екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыруымыз керек», – деп атап өтті Ә. Қуантыров.

Сонымен қатар Министрдің орынбасары неміс компанияларының елді индустрияландырудағы және өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы маңызды рөлін атап өтті: «2005 жылдан бастап неміс компаниялары еліміздің экономикасына шамамен 7,8 млрд доллар инвестиция салды, өткен жылы тікелей шетелдік инвестициялардың айтарлықтай өсуі ерекше көзге түседі, ол 770 млн долларға жетті. Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға алдағы сапары екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, бар қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ жаңа экономикалық байланыстарды құруға қосымша серпін беретініне сенімдімін».

«Орта дәліз» деп те аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) контекстінде көлік-логистика саласын дамытуға ерекше мән беріледі. Орта дәліз арқылы Германия мен ЕО елдеріне жүк ағыны 2022 жылдың басынан бастап 3 есе өсіп, 1,5 млн тоннаға дейін жеткені, ал ү.ж. 7 ай ішінде 2,6 млн тоннаға дейін өскені аталып өтті. Бұл ретте ТХКБ әлеуеті 10 млн тонна жүкке дейін бағаланады. Осыған байланысты Ә. Қуантыров неміс әріптестерін Каспий теңізінің Ақтау және Құрық порттарын дамытуға белсенді қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz