Бесқарағай ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Бесқарағай ауданының ауылдарында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл іс-шаралардың мақсаты – ауыл инфрақұрылымын дамыту және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Мәселен, Кіші Владимировка ауылында Елистратов пен Корнев көшелерінде 38 заманауи көше шамдары орнатылды. Маусым айының соңына дейін мұнда шағын футбол алаңын салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауылда күрес залы бой көтереді. Бұл жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Анықтама үшін: Кіші-Владимировка ауылында бүгінгі күні 751 адам тұрады. Ауылда бір мектеп және бір фельдшерлік-акушерлік амбулатория жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -